АҚШ вице-президенті Жапонияға барды

Фотография - АҚШ вице-президенті Жапонияға барды

АҚШ вице-президенті Джо Байден Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне жасайтын бір апталық сапары аясында дүйсенбінің кешінде Токиоға барды. Апта соңына қарай ол Қытай мен Оңтүстік Кореяға бармақшы

134 0

АҚШ вице-президенті Джо Байден Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне жасайтын бір апталық сапары аясында дүйсенбінің кешінде Токиоға барды. Апта соңына қарай ол Қытай мен Оңтүстік Кореяға бармақшы.

Байден бұл сапары барысында Токиоға қолдау көрсете отырып, Қытай мен Жапония арасындағы соңғы уақыттағы даулы аралға қатысты әскери шиеленісті бәсеңсіту амалдарын қарастырмақ.

Өткен аптада АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея ұшақтары Қытайдың Шығыс Қытай теңізіндегі жаңадан құрған әуе қорғанысы аумағына бірнеше рет ескертусіз бұзып кірген еді.

Жаңадан құрылған қорғаныс аймағына Жапония, Қытай және Тайвань арасындағы даулы арал және Сеул өз территориясы санайтын, жартылай теңіз шайып жатқан таулы-жартасты аумақ та кіріп кеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!