Оксфордта қасиетті Құранға қатысты конференция өтеді

Фотография - Оксфордта қасиетті Құранға қатысты конференция өтеді

Келесі жылдың тамыз айында Оксфордта қасиетті Құранды зерттеп-зерделеуге қатысты бесінші халықаралық конференция өтеді.

137 0

Келесі жылдың тамыз айында Оксфордта қасиетті Құранды зерттеп-зерделеуге қатысты бесінші халықаралық конференция өтеді. Оксфордта Құран институтының ұйымдастыруымен өтетін бұл шарада жалпылама мәселелермен қатар жалқы тақырыптар да талқыланып, таразыланатын болады.

Нақтырақ айтқанда, аталмыш жиын барысында ислам үкіметінің пайда болуы мен киелі кітаптың бұған әсер-ықпалы, Құрандағы үкімдер және олардың зайырлы қоғам заңдарымен үндестік-үйлесімділігі, мұсылмандарды толғандырған интелектуалды-пәлсафалық сауалдарға Құранда берілген жауаптар жайлы сан алуан тақырып қарастырылады.

Бұған қоса, форум меймандары қасиетті Құранда айтылғандардың бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына септігін тигізетін аспектілерді, дәстүрлі түсіндіру жұмыстарын жандандыру әрі қасиетті кітаптың жаңа түсіндірмелерін жасау, қасиетті Құранды өзге тілдерге аудару мәселелерін де қарастырып, зерделейтін болады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!