Гуам аралдарының үстінен тышқан жауды

Фотография - Гуам аралдарының үстінен тышқан жауды

АҚШ-тың әскери әуе күштері Гуам аралдарына екі мыңнан астам уланған тышқанның өлекселерін тастады деп хабарлайды NBC.

241 0

АҚШ-тың әскери әуе күштері Гуам аралдарына екі мыңнан астам уланған тышқанның өлекселерін тастады деп хабарлайды NBC. Мақсат - қоршаған ортаны бүлдіру емес, керісінше сақтап қалу дейді ел билігі.  Өйткені, аралдағы улы жыландар флора мен фаунаға орасан зор залалын келтіріп жатыр.

Бойга деп аталатын бауырымен жорғалауыштар Гуам аралдарына кездейсоқ 1950 жылы әкелінген. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері олар аймақтың экологиясына залал келтіруде. Осынау жыландар кеміргіштермен және құстармен қоректенеді екен. Салдарынан қазір Гуамдағы он түрлі құстың тоғызы жойылып кеткен. Сондай-ақ, улы бойганың кішкентай балаларды шаққан кездері де жиі болып тұрады.

Ал, умен өлтірілген кеміргіштер аралдағы жылан санын қысқартуға көмектеседі. Дегенмен, оларды түгелімен жойып жіберу ойда жоқ. Ал, тышқандардың бойындағы у тек жыландарға ғана әсер етеді, тұрғындардың қорқуына негіз жоқ дейді мамандар.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!