Литвалық спортшы жаңа рекорд орнатты

Фотография - Литвалық спортшы жаңа рекорд орнатты

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді

187 0

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді.

Бір-біріне тіркелген техникалардың жалпы салмағы 13 тоннаны құрады. Бірақ, 38 жастағы алып күш иесі үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. «Әлемнің ең күшті адамы» атағын жеті рет дәлелдеген литвалық, былтыр салмағы 27 тоннадан асатын 20 көлікті қозғаған болатын. Алайда, ол кезде бұл жетістік есепке алынбады. Себебі, спортшы техникаларды аяғын арнайы басқышқа тіреп тартқан. Зидрунас келешекте бұдан да зор табысқа жететінін мәлімдеді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Қуанышым қойныма сыймай тұр. Себебі, бұл мен үшін үлкен сын. Келесі жолы өз рекордымды жаңартып, 13 немесе 14 көлікті тартатын шығармын», - деді рекордшы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!