Неге Путин әрдайым кешігеді?

Фотография - Неге Путин әрдайым кешігеді?

Путиннің аңызға айналған кешігулері тағы да ақпарат құралдарының басты назарына ілікті. Бұған себеп болған Ресей президентінің Рим папасы Францискті бақандай 50 минут күттіруі. Оның осындай әрекетіне не себеп?

154 0

Путиннің аңызға айналған кешігулері тағы да ақпарат құралдарының басты назарына ілікті. Бұған себеп болған Ресей президентінің Рим папасы Францискті бақандай 50 минут күттіруі. Оның осындай әрекетіне не себеп? 

   Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Путинді қонақ үйдің жанында орын алған Pussy Riot панк-тобының жақтастары ұйымдастырған наразылық шерулері бөгеп қалған дейді, «Московский комсомолец» агенттігі. Алайда, Кремль президенттің ешқандай қонақ үйде тоқтамағанын алға тартты. Бұдан байқайтыңымыз, Рим папасы мен итальяндық баспасөз өкілдерінің осы жайтқа аса мән бермесе керек-ті. 

   Дегенмен, Оңтүстік Кореялық баспасөз өкілдері Путиннің осындай қылығын мейірімдікпен қабылдамады. Қараша айында осы елге жасаған сапарында елдің президенті Пак Кын Хені ресейлік әріптесі жарты сағат күттірген екен. Кешігуіне қарамай, жолда шығыс жекпе - жек шеберлерімен жолығуды жөн санапты. Осыған байланысты Korea Times газеті «Путин мырза, келесі жолы уақытында келіңіз» деген зәрлі тақырыпта мақаласын жариялаған да болатын. Ресейлік Slon.ru либералды жаңалықтар сайты корейліктерге қапа болмауларына кеңес беріп, Путиннің өлшемі бойынша жарты сағаттық кешігу - «жоғары құрметтің көрсеткіші» деп жұбатқан. 

   «Ведомости» газеті Ресей президенті кешігулерінің ұзын тізімін жасаған болатын:

- 2003 жылы Британия королевасы Елизавета ІІ кездесуге 14 минут кешіккен;

- 2012 жылы Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуге 40 минут кешіккен;

- АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен болған Сирияға қатысты келіссөзге 3 сағат кешіккен;

- 2002 жылы Башкирияда әуе апатында қаза болған оқушылардың ата - аналарын 2 сағат күттірген болатын.

   Кей жағдайда, Путиннің кешігуі әдейі сөгу болып табылады. Мысалы, 2012 жылы Қырымдағы Украина президенті Виктор Януковичпен болатын келіссөзге кешіккеніне қарамастан, байкерлердің лагеріне соға кетіпті. Нәтижесінде, кездесуге 4 сағат кешігіп келді - деп хабарлады  baq.kz

   Ресейлік саясаттанушы Дмитрий Абрамовтың ойынша, Путиннің кешігуді әдетке алғаны - оның әлемдік сахнада патшалық орнын көрсетуі дейді. Ресей империясының шарықтау кезінде туған қанатты сөз де осыған итермелегендей: «Когда русский царь удит рыбу, Европа может подождать!» (Орыстың патшасы балық аулағанда, Еуропа күте тұрар).

   Путиннің бұрынғы әйелі Людмиланың айтуынша, Владимир жас кезінде жүздесуге әрдайым кешігіп келеді екен. Ал, Путиннің өзінің мойындауынша, оқушы кезінде уақытты үнемдеу үшін, ол пальтосын кимей сабаққа жүгірген кездері де аз болмапты. «Московский комсомолец» агенттігінің саяси колумнисі Михаил Ростовскийдің пайымдауынша, кешігу Путиннің «визитті карточкасына» айналған және енді өзінің осындай қылығын өзгертуі екіталай дейді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!