АҚШ алғашқы жекеменшік спутнигін ұшырды

Фотография - АҚШ алғашқы жекеменшік спутнигін ұшырды

АҚШ-тың жекеменшік Space Exploration Technologies компаниясы (немесе SpaceX) бірінші рет коммерциялық мақсаттағы спутникті сәтті ұшырды

110 0

АҚШ-тың жекеменшік Space Exploration Technologies компаниясы (немесе SpaceX) бірінші рет коммерциялық мақсаттағы спутникті сәтті ұшырды.

"Falcon-9" деп аталатын зымыран 4 желтоқсанға қараған түні Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі әскери ғарыш айлағынан ұшырылған. Зымыран Люксембургте орналасқан SES компаниясының құны 100 миллион АҚШ доллары тұратын телекоммуникациялық спутнигін алып ұшып, 15 минуттан соң оны орбитаға шығарды.

Спутник Үндістан, Қытай, Вьетнам және Азияның бірқатар елдеріне телевизиялық және басқа да қызметтер көрсетуге жұмыс істейді деп жоспарланып отыр - деп хабарлады azattyq.org

SpaseX бұған дейін Халықаралық ғарыш станциясына жүгі бар капсуланы сәтті жеткізген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!