Шешенстанда ауа райының қолайсыздығынан 50 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды

Фотография - Шешенстанда ауа райының қолайсыздығынан 50 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалды

Шешенстанда ауа райының қолайсыздығынан үш ауданда энергиямен қамту жүйесіне зақым келіп, 52 мың адам жарықсыз қалды

224 0

Шешенстанда ауа райының қолайсыздығынан үш ауданда энергиямен қамту жүйесіне зақым келіп, 52 мың адам жарықсыз қалды. Бұл туралы республика бойынша ТЖМ басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады РБК.

Ведомствоның мәліметтеріне жүгінсек, электр энергиясы бүгін Шатойский, Шаройский және Итум-Калинский аудандарының аумағында 9:20 кезінде сөнген. Жалпы 77 елді мекен жарықсыз қалды.

Хабарламада көрсетілгендей, осы аймақта қалған 35 әлеуметтік маңызы бар нысандар қосымша жарық беру көздеріне қосылған.

Оқиға орнында «Нұрэнерго» ААҚ апаттық бригадалары, сонымен бірге, Шешенстан Республикасы бойынша ТЖМ ММ жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін хабарланғандай, кеше электр энергиясы Шешенстанның Ножай-Юртовский ауданында тоқтатылған болатын. 53 елді мекенде шамамен 55 мың 277 адам жарықсыз қалды. Шешенстанның ТЖМ электр тасымалдау желілерінің қатардан шыққанын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!