Башар Асадқа ресми айып тағылды

Фотография - Башар Асадқа ресми айып тағылды

 Сириядағы соғыс басталғалы бері БҰҰ өкілдері іс жүзінде президент Башар Асадқа әскери қылмысы үшін алғаш рет айып тақты

202 0

 Сириядағы соғыс басталғалы бері БҰҰ өкілдері іс жүзінде президент Башар Асадқа әскери қылмысы үшін алғаш рет айып тақты. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэйдің мәлімдеуінше, халықаралық ұйымда Асадтың әскери іс-қимылдары кезінде адамдыққа қарсы қылмыстарға қатысты екендігін дәлелдейтін айғақтар бар көрінеді. Бұл туралы warsonline.info сайты хабарлайды. 

   Пилэйдің сөзіне сүйенсек, БҰҰ-ның «Сирияның жоғарғы лауазымды мүшелері мен мемлекет басшысының жасалған әскери қылмыстары үшін жауаптылығын айғақтайтын елеулі дәлелдері бар» дейді. Бұл жерде Башар Асадтың аты айтылмаса да, «мемлекет басшысы» деген сөз бірден соған жол сілтегендей. Жоғарғы комиссардың айтуынша, БҰҰ-да әскери қылмыстарға қатысы бар деген күдіктілердің тізімі бар екен. Және сол тізімдегі тұлғалардың аты-жөнін тек «халықаралық қауымдастықтың талабынан кейін ғана» ұсынатының айтты. 

   Соңғы кездері Батыс тарапы кезекті сириялық билікті «залымдау» кезенін бастағандай. Және сириялық әскердің Дамаск пен Алеппо провинцияларындағы жалғастырып жатқан шабуылдары осыны толықтырып отырғандай. Сонымен қатар бұл 2014 жылдың 22 қаңтарда болатын «Женева-2» конференциясына да бір тамаша «ақпараттық дайындық» болмақ.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!