Ресейде тарихи мешіт мұсылмандарға қайтарылды

Фотография - Ресейде тарихи мешіт мұсылмандарға қайтарылды

Ресейдегі ең ескі мешіттердің бірі - Рязань облысындағы 15 ғасырда салынған Хан мешіті мұсылмандарға қайтарылып берілді.

204 0

Ресейдегі ең ескі мешіттердің бірі - Рязань облысындағы 15 ғасырда салынған Хан мешіті мұсылмандарға қайтарылып берілді.

Ресей мұсылмандар діни басқармасы бүгін бірнеше жыл құқықтық талас-тартыстан кейін Мәскеуден шығысқа қарай 225 километр жерде орналасқан Касимов қаласындағы Хан мешіті мен Шах Әли және Мухаммад Авган Сұлтан мазарларын қайтарып алғанын хабарлады. Бұл мешіт пен мазарлар бұған дейін Касимов аймақтық музейінің иелігінде болып келген еді.

15 ғасырда татарлар тұрғызған мешіт Ресейдегі Дағыстанның Дербент қаласында 13 ғасырда салынған Жұма мешітінен кейінгі ең көне мешіт саналады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!