Үндістанда адамжегіш жолбарыс іздестірілуде

Фотография - Үндістанда адамжегіш жолбарыс іздестірілуде

Үндістанның Бандипур қорығының жұмысшылары адамжегіш жолбарысты іздеп жатыр. Жергілікті билік жыртқышты атуға рұқсат берген

250 0

Үндістанның Бандипур қорығының жұмысшылары адамжегіш жолбарысты іздеп жатыр. Жергілікті билік жыртқышты атуға рұқсат берген. Өйткені, ол қорықта болған үш адамды шайнап өлтірген көрінеді.

Қорықшылар алдымен жолбарысты қарусыз қолға түсіруге тырысып көруі тиіс. Болмаған жағдайда қару қолдана алады.

Ал, жергілікті тұрғындар болса тәртіп сақшыларын жағадан алып, жыртқыштың көзін дереу жоюды талап етіп отыр - деп хабарлады  baq.kz

Үндістан жолбарыстарды қорғауда әлемге үлгі болған ең үздік мемлекет. Мұндағы жыртқыштар мемлекеттің арнайы бағдарламасы аясында қорғалады. Алайда, осынау аңдардың адамдарға шабуылы соңғы уақытта жиілеп кеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!