Судья мен прокурор сот процесі кезінде ұйықтап қалды

Фотография - Судья мен прокурор сот процесі кезінде ұйықтап қалды

Түркияда кісі өлтірген полицейді соттау процесі кезінде судья мен прокурор сот залында отырып ұйықтап қалған. Қазір ел билігі бұл іске байланысты тексеру жүргізіп жатыр

223 0

Түркияда кісі өлтірген полицейді соттау процесі кезінде судья мен прокурор сот залында отырып ұйықтап қалған. Қазір ел билігі бұл іске байланысты тексеру жүргізіп жатыр. 

Соттар мен прокурорлардың жоғарғы коллегиясы қазіргі таңда сот процесі кезінде түсірілген фотолар және видеотүсірілімен танысып шықты. Онда заң қызметкерлерінің терең ұйқыда отырғандығы анық көрінеді - деп хабарлады  baq.kz

Бұл жайт 2 желтоқсан күні Анкара сотында орын алған. Жәбірленуші тараптың қорғаушысы сөйлеп жатқан кезде судья мен прокурор ұйықтап кеткен. Ал, қорытынды сөз айтар кезде судья істі одан әрі қарамайтындығын және оны жоғары инстанцияға өткізетіндігін мәлімдеген.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың жаз айларында Түркияда халықтың жаппай наразылығы орын алған болатын. Стамбұлда басталған баскөтерулер кейін бүкіл елді қамтып кетті. Наразы топ мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоғанның отставкаға кетуін талап еткен. Оларды басу үшін қарулы күш жұмылдырылып, бірнеше тұрғын көз жұмды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!