Үндістанда адам жегіш жолбарысты атуға рұқсат берілді

Фотография - Үндістанда адам жегіш жолбарысты атуға рұқсат берілді

Үндістанның оңтүстігінде Бандипур қорығының қызметкерлеріне «үш адамды жеп қойды» делінген жолбарысты атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

250 0

Үндістанның оңтүстігінде Бандипур қорығының қызметкерлеріне «үш адамды жеп қойды» делінген жолбарысты атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Қорықшылар жыртқышты транквилизатормен атып құлата алмаған жағдайда ғана өлтіруге рұқсат берілген. Бұған дейін орманды қорғайтын мекемеге жергілікті тұрғындар басып кіріп, адамжегіш жолбарыстың көзін жою туралы талап қойған болатын.

Жалпы Үндістанда жолбарысты сақтап қалу үшін жасалған мемлекеттік бағдарлама және заң әлемдегі үздік жобаның бірі саналады. Тіпті жолбарысты сақтап қалу үшін үкімет джунглиге жақын ауылдарды көшірген. Оларға шамасы 1 млн рупий көлемінде соманың (3 млн теңге) үй, жер, малы берілген. Қазір Үндістанда 1700-дей ғана бенгаль жолбарысы сақталып қалған, жүз жыл бұрын жыртқыштың саны 100 мың болыпты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!