Таулы Қарабах келіссөзі жалғасады

Фотография - Таулы Қарабах келіссөзі жалғасады

Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері даулы Таулы Қарабах мәселесін реттеу туралы келіссөздерді алдағы апталарда жалғастыруға келісті

231 0

Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері даулы Таулы Қарабах мәселесін реттеу туралы келіссөздерді алдағы апталарда жалғастыруға келісті.

Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров пен Армения министрі Эдуард Налбандян кеше Киевте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер министрлерінің жиыны аясында кездескен.

Осыдан екі апта бұрын Венада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Серж Саргсян кездесіп, мәселені бейбіт реттеуге бағытталған келіссөздер жүргізуге уағдаласқан еді.

1990 жылдары Әзербайжанның армяндар қоныстанған Таулы Қарабах аймағын армян сепаратистері басып алып, дербес аймақ деп жариялаған еді - деп хабарлады azattyq.org

Содан бері мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздігін бір де бір мемлекет мойындаған емес.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!