Украинада мерзімінен бұрын сайлау өтуі мүмкін

Фотография - Украинада мерзімінен бұрын сайлау өтуі мүмкін

Украина билігі оппозицияның сайлауды мерзімінен бұрын өткізу ұсынысың қарастыратын болды

133 0

Украина билігі оппозицияның сайлауды мерзімінен бұрын өткізу ұсынысың қарастыратын болды. Бұл туралы вице-премьер Сергей Арбузов мәлімдеді, деп хабарлайды «Украинская правда» агенттігі. 

Вице-премьер бұл ұсынысты талқылауға дайын екендерін айтып, елде орын алған жағдайды ескере келіссөздердің қажеттілігін атап өтті. Негізі Украинада кезекті президенттік сайлау 2015 жылға, ал парламенттік сайлау 2017 жылға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, Украинада жаппай наразылық науқандары екі аптадай жалғасуда. Оған үкіметтің Еуроодақпен қауымдастығы жөніндегі келісімге қол қоймауы түрткі болды. Шерушілер еуроинтеграцияны қолдап, президент пен үкіметтің қызметтен кетуін және Жоғарғы Раданың қайта сайлануын талап етуде.

Таяуда оппозиция өкілдері Жоғарғы Радада дауыс беру өткізіп, министрліктер кабинетіне сенімсіздік танытпақ болған. Алайда, тиісті дауыс жинай алмай, ойлағандары іске аспады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!