Нельсон Мандела өмірден озды

Фотография - Нельсон Мандела өмірден озды

Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден өтті, деп хабарлады мемлекеттің қазіргі басшысы Джейкоб Зума.

135 0

Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела өмірден өтті, деп хабарлады мемлекеттің қазіргі басшысы Джейкоб Зума.

«Біздің халқымыз өзінің сүйікті ұлынан айырылды», - деді Дж. Зума.

Йохансбургте қайғылы хабарды естуге бәрі дайын болды. Осыған дейін БАҚ Н.Манделаның ауыр науқастанып жатқанын хабарлаған болатын - оның үйінің жанында жедел жәрдем көліктері мен көп адам жиналып қалған.

95 жастағы Н.Мандела 2013 жылдың маусымынан бері денсаулығы нашарлап, ауыр халде жатты, деп хабарлады CNN.

Н.Мандела - ОАР бірінші қара нәсілді президенті, адам құқығы үшін жанын сала жұмыс істеген, аты аңызға айналған танымал күрескерлердің бірі. Ол өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген. 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!