Нельсон Манделаның қазасына көңіл айтылып жатыр

Фотография - Нельсон Манделаның қазасына көңіл айтылып жатыр

Әлем елдерінің басшылары, саяси жетекшілер мен танымал тұлғалар апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) қара нәсілді тұңғыш президенті, 95 жастағы Нельсон Манделаның қайтыс болуына орай көңіл айту білдіріп жатыр

384 0

Әлем елдерінің басшылары, саяси жетекшілер мен танымал тұлғалар апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) қара нәсілді тұңғыш президенті, 95 жастағы Нельсон Манделаның қайтыс болуына орай көңіл айту білдіріп жатыр.

5 желтоқсанда ОАР президенті Джейков Зума Манделаны Йоханнесбіргтегі үйінде ұзаққа созылған науқастан айыға алмай көз жұмғанын естірткен.

Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлер, танымал тұлғалар оның "теңдік үшін қалай бейбіт түрде күресу керегін көрсетіп кеткен үлгі тұтарлық тұлға" екенін айтып, көңіл айту жеделхаттарын жолдап жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама Манделаның қазасына орай "Біз Нельсон Мандела сияқты тұлғаны енді қайта көре алмаймыз. Сондықтан біз оның қалдырған үлгісі бойынша жеккөрушілікке емес, сүйіспеншілікке құрылған шешімдер қабылдауымыз қажет. Қазір тарих тегершігін өз қолына алып, әлемді әділеттілікке бастаған Нельсон Манделадай адамның өмір сүргеніне рақмет айтқанымыз жөн" деді.

Өмірін қара нәсілділердің тең құқықты болуы жолындағы күреске арнаған Нельсон Мандела 27 жыл түрмеде отырды. 1990 жылы түрмеден шыққан соң ол елдегі апартеид жүйесін жоюға кірісіп, Нобель сыйлығын алды. Ол 1994 жылы ол демократиялық жолмен Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті болып сайланды - деп хабарлады azattyq.org

Оның апартеид режимі аяқталған соң елді азамат соғысынан аман алып қалуға қосқан үлесі ерекше бағаланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!