Путин мен Медведевтің отбасы тотыққан сары су пайдаланып отыр...

Фотография - Путин мен Медведевтің отбасы тотыққан сары су пайдаланып отыр...

Ресей президенті Владимир Путин мен Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің үйіндегі су кранынан тот басқан сарғыш су ағатын көрінеді

303 0

Ресей президенті Владимир Путин мен Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің үйіндегі су кранынан тот басқан сарғыш су ағатын көрінеді. Бұл жайында Д.Медведев журналистерге берген сұхбатында айтқан.

Путинмен көрші тұратынын айтып өткен ол екеуінің үйінде де су құбырынан тотыққан судың ағатынын айтып, журналистер алдында ақталған - деп хабарлады baq.kz

"Тот басқан су кез келген азаматтың үйінен ағуы мүмкін. Мейлі ол қаланың ортасында тұрсын, мейлі шетінде. Сол секілді президент пен премьердің үйінде де дәл осында проблема бар. Өйткені, біздің елдегі коммуникация осындай" деді Медведев.

Айта кетейік, кеше Путин Жалпыресейлік халықтық фронттың жиынына қатысып, тұрғынүй коммуналды шаруашылығы проблемалары жайында айтқан болатын. Басқосуда тұрғындардың сарғыш су ішіп отырғандығы сөз болды. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!