Жапонияда мейман мұсылмандармен жұмыс істеу нұсқаулығы жарық көрді

Фотография - Жапонияда мейман мұсылмандармен жұмыс істеу нұсқаулығы жарық көрді

Осако провинциясының билігі түрлі саладағы кәсіпкерлер үшін мұсылман туристерімен қалай қарым-қатынас жасауды үйрететін арнайы нұсқаулықты жарыққа шығарды.

201 0

Осако провинциясының билігі түрлі саладағы кәсіпкерлер үшін мұсылман туристерімен қалай қарым-қатынас жасауды үйрететін арнайы нұсқаулықты жарыққа шығарды.

Жапонияға, әсіресе, Малайзия мен Индонезия секілді көршілес жатқан мұсылман елдерінен туристер көптеп келетіндіктен, Күншығыс елі соңғы кездері мұсылман мемлекеттерінен келген меймандардың көңіл хошын табу үшін шариғат талаптарын басшылыққа алатын болып жүр. Осы мақсатта мейманхана қожайындары мен өзге де қызмет көрсету орталықтарына шағын кітапша түрінде жарық көрген аталмыш нұсқаулықтың бес мың данасы тегін таратылды.

Бұған қоса, Токио қаласында жоғары білікті жапон оқытушылары арнайы оқу орындарында араб тілінен дәріс оқиды. Күншығыс елінде шамамен 500 мың мұсылман өмір сүрсе, оның 150 мыңы - жапондықтар.


Тегтер:

жапония

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!