Қытайда 10 жасар қыз сәбиді 25-ші қабаттан лақтырып жіберген

Фотография - Қытайда 10 жасар қыз сәбиді 25-ші қабаттан лақтырып жіберген

Қытайда жан түршігерлік оқиға болды.

222 0

Қытайда жан түршігерлік оқиға болды.

10 жастағы оқушы қыз 1,5 жастағы сәбиді аяусыз сабап, 25-қабаттың балконынан лақтырып жіберді. Айуандық әрекет лифті ішіне орнатылған бейнекамераға түсіп қалған. Әйел адам бөбегімен серуендеп болған соң, үйіне қайтып келе жатқан. Бірақ баланың велосипедін шығарып әуре болып тұрғанда, ішке арқасында қара сөмкесі бар оқушы қыз кіріп, лифт жүріп кетеді. Қыз жеделсатыны тоқтатпай сәбиді көтеріп алып, жерге бір соғады да, тепкінің астына алады. Лифт 25-қабатқа жеткен соң, бүлдіршінді балконнан лақтырып жіберген. Сәбидің денесін тұрғындар тауып алды. Олар жедел жәрдем шақырғанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір полиция тергеуді бастады. Бірақ жеке басы белгісіз жас қылмыскерді табу қиынға соғуда. Оқушы қыз бен қара жамылған қайғылы отбасы бірін-бірі мүлде танымайтындығы белгілі болды.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!