Президенттің ұлы Құранды жатқа оқиды

Фотография - Президенттің ұлы Құранды жатқа оқиды

Шешенстан Президентінің ұлы, 6 жастағы Адам Қадыров Құранды жатқа білетін Ресейдегі ең жас хафиз атанды. Қасиетті кітаптағы 114 сүрені тоқтаусыз айтып шыққан баланың бұл қадамына Рамзан Қадыров шаттана қуанып, өзінің әлеуметтік желісінде көңіл күйі мен көзқарасын білдіріпті

305 0

Шешенстан Президентінің ұлы, 6 жастағы Адам Қадыров Құранды жатқа білетін Ресейдегі ең жас хафиз атанды. Қасиетті кітаптағы 114 сүрені тоқтаусыз айтып шыққан баланың бұл қадамына Рамзан Қадыров шаттана қуанып, өзінің әлеуметтік желісінде көңіл күйі мен көзқарасын білдіріпті.

 

- Бүгінгі күнді ерекше қуанышпен қарсы алдым. Алланың бергені арқасында Ресей батыры, Шешенстанның тұңғыш президенті, елдің дамуы мен тұрақтылығына зор үлес қосқан Ахмат қажы Қадыровтың немересі, алты жасар Адам тағы да атымызды шығарды. Әрине, оған оңай болған жоқ, әлі де жаза да, оқи да білмейтін жас бала, бірақ бұл сынақтан қиналмай өтті. Мен алдымен тәлімгерлерге алғысымды білдіргім келеді. Адам Шешенстанда ғана емес, Ресей аумағындағы ең жас хафиз атанды. Біздің үйге нұрын төккені үшін Алла тағалаға мың мәрте алғысымды айтамын", - дейді Рамзан Қадыров.

Ақиқатына келсек, Құранды жатқа оқу Қадыровтар отбасының құндылығына айналған. Осыдан бірер жыл бұрын Шешенстан президентінің қызы Айшат Қадырова Құранның бүкіл сүрелерін жатқа айтып, хафиз атынғаны белгілі. Ол 14 жасында екінші хафиз атанды. Одан бұрын президенттің туысқаны Хамзат Қадыров халықаралық емтихан тапсырып, сынақтан сүрінбей өтті. Рамзан Қадыровтың кіші қызы Хутамат та қасиетті Құран кітабын оқиды, сүрелерді жатқа оқудан республикалық байқаудың жүлдегері атанған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

2012 жылы қажылыққа барып қайтқан сәтінде Рамзан Қадыров Алладан кіші ұлының сынақтан сүрінбей өтуін тілегенін айтқан. Енді міне, ақ тілек орындалып, кіші ұлы Ресейдегі ең жас хафиз атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!