Уран байыту технологиясын жетілдіреміз

Фотография - Уран байыту технологиясын жетілдіреміз

Иран уран байытудың бұрынғыдан тиімді технологиясын сынақтан өткізіп жатыр

242 0


Иран уран байытудың бұрынғыдан тиімді технологиясын сынақтан өткізіп жатыр.

Оның айтуынша, атом станциясына отынға қажетті уранды байытуға арналған жаңа үлгідегі центрифуга алдын ала сынақтан өткізілген. Иранның атом жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы Тегеран бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттікті (МАГАТЭ) хабардар еткенін айтты.

Иранның бұл мәлімдемесі қараша айында Женевада «алтылық тобы» мен Тегеран арасында жасалған мәмілеге қайшы болмағанымен, батыс елдерінде алаңдаушылық туғызуы мүмкін деп жазады Reuters. Өйткені жаңа буын центрифугалары атом бомбасының құрамына кіретін материал дайындауға да мүмкіндік береді.

8 желтоқсанда Иранға МАГАТЭ инспекторлары келіп, Арак қаласында салынып жатқан ядролық реактор құрылысын аралап көрмек. Өткен айда МАГАТЭ Тегераннан осындай шақыру алғанын хабарлаған еді. Аракта салынып жатқан зерттеу бағытындағы ядролық реактор халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Себебі онда отын ретінде пайдаланылатын қосалқы өнім – плутоний ядролық қару жасауға жарамды саналады - деп хабарлады azattyq.org

Иран мен әлемдік державалар 24 қарашада Женевада қол жеткізген уақытша келісім бойынша, Тегеран уранды бес пайызға байытуды алты айға тоқтатып, Арактағы ядролық реакторын іске қоспауға келіскен. Оның есесіне Иранға салынған халықаралық санкциялардың біразы күшін жоюы тиіс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!