Украина оппозициясы жаппай наразылық шеруін өткізбекші

Фотография - Украина оппозициясы жаппай наразылық шеруін өткізбекші

Еуропа Одағымен ынтымақтастық туралы келісімге дайындықтан бас тартқан ел билігіне наразы украин оппозициясы бүгін Киевте жаппай наразылық шеруін өткізгелі отыр

296 0


Еуропа Одағымен ынтымақтастық туралы келісімге дайындықтан бас тартқан ел билігіне наразы украин оппозициясы бүгін Киевте жаппай наразылық шеруін өткізгелі отыр.

Тәуелсіздік алаңында өтетін «халық құрылтайына» елдің барлық өңірлерінен адамдар келіп қатыспақ.

Бұл уақытта президент Виктор Януковичті қолдайтын «Аймақтар партиясы» Украинадағы саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтау жөніндегі штабтар құруға кірісті. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, билік партяисы ондай штабтарты Киевтің барлық аудандары мен елдегі бірқатар облыстарда құрылып үлгерген.

Ресми Киев Еуроодақпен келісімге дайындықты тоқтату туралы шешімін жария еткен 21 қарашадан бері Украинада екі рет жаппай наразылық жиындары өтті.

Осыдан тура бір апта бұрын Киевте жүз мыңдаған адамдардың қатысуымен өткен наразылық акциясы Украинада 2004 жылы болған «Қызғылт-сары төңкерістен» кейінгі уақыт ішіндегі ең ірі жаппай қарсылық шеруіне айналды.

7 желтоқсан күні Киевте «Еуромайдан» шеруіне қатысушы 20 мың адамның алдында сөйлеген Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили «Еуропамен бірге болуды мұрат еткен украин халқына қажыр-қайрат тілейтінін» мәлімдеген - деп хабарлады azattyq.org

Жұма күні Сочидегі кездесуде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Виктор Янукович Кеден одағына кіру мәселесін талқылаған деген ақпаратты сенбі күні Киев пен Мәскеу жоққа шығарды. Украина оппозициясы жетекшілерінің бірі Арсений Яценюк Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кеден Одағын «СССР-дің жаңа түрі» деп атаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!