Солтүстік Корея президентінің туысы биліктен шеттетілді

Фотография - Солтүстік Корея президентінің туысы биліктен шеттетілді

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның ықпалды туысы «мемлекетке қарсы әрекеті үшін» биліктен шеттетілді

193 0


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның ықпалды туысы «мемлекетке қарсы әрекеті үшін» биліктен шеттетілді - деп хабарлады  azattyq.org

Солтүстіккореялық ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ким Чен Ынның немере ағасы, елдің қорғаныс комитеті төраға орынбасары Чан Сон Тхэк «басқарушы партия құрамында коалиция құрып, өзі туралы жалған пікір қалыптастырып, партия жұмысы мен мақсатына нұқсан келтірген».

Ресми ақпарат құралдары таратқан хабарларға қарағанда, Чан Сон Тхэк «қызмет өкілетін асыра пайдаланған, заң бұзып, сыбайлас жемқорлыққа барған, шетелде емделуге барғанында әйелдермен сөкет қатынастар жасаған, есірткі пайдаланып, құмар ойын ойнаған».

Оңтүстіккореялық арнайы қызмет орындарының дерегінше, Чан Сон Тхэктің екі көмекшісі пара алды деген айыппен өлім жазасына кесіліп, үкімдері орындалған. Бірақ ресми БАҚ олар туралы ақпарат таратпады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!