Путин рақымшылық туралы заң жобасына қол қойды

Фотография - Путин рақымшылық туралы заң жобасына қол қойды

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасау туралы заң жобасына қол қойып, мемлекеттік думаға жіберген

143 0


Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасау туралы заң жобасына қол қойып, мемлекеттік думаға жіберген.

Путиннің өзі бұған дейін ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайтынын мәлімдеген еді.

Ресей президенті рақымшылық "бүгін қылмыс істеп алып, ертең мемлекеттің жазасын кешіруін күтіп отыру үшін" жасалмайтынын, ол үкіметтің "адамгершілігін" көрсететінін айтқан.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары рақымшылықпен Greenpeace экологиялық ұйымы мен Pussy Riot панк-тобының әншілері, бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский де босатылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Бірақ өткен аптада премьер-министр Дмитрий Медведев «ресейліктер ауыр қылмыс және қоғамға қарсы қылмыс істегендерге, оның ішінде үлкен көлемде қаржы жымқырғандарға қарсы екенін» айтып, Pussy Riot тобы мүшелері мен Ходорковскийдің рақымшылыққа ілікпейтінін ескерткен.

Рақымшылық туралы заң жобасын енді Ресей мемлекеттік думасы мақұлдауы тиіс.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!