Пәкістан Иранмен газ құбырын салуға келісті

Фотография - Пәкістан Иранмен газ құбырын салуға келісті

Пәкістан Иранмен бірлескен газ құбырын салу жобасына келісім бергенін хабарлады. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің бүгін хабарлауынша, екі ел сарапшылары таяуда Иранның Оңтүстік Парсы кенішінің газын Оңтүстік Азия елдеріне тасымалдайтын құбыр жобасына қатысты кездеспек

227 0

Пәкістан Иранмен бірлескен газ құбырын салу жобасына келісім бергенін хабарлады. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің бүгін хабарлауынша, екі ел сарапшылары таяуда Иранның Оңтүстік Парсы кенішінің газын Оңтүстік Азия елдеріне тасымалдайтын құбыр жобасына қатысты кездеспек.

Иран құны 7,5 миллиард АҚШ доллары болатын газ құбырының өз территориясы арқылы Пәкістанмен шекараға дейін жететін 900 километрлік бөлігін салып қойған. Бірақ Пәкістан құбырдың өз аумағынан өтетін бөлігін қаржы тапшылығынан әрі АҚШ-тың Иранға салған санкциясына байланысты сала алмаған еді.

АҚШ Иран-Пәкістан газ құбыры жобасына қарсы. Себебі Вашингтон бұл жоба Иранға ядролық бағдарламасына қатысты салынған санкцияларды бұзады деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!