АҚШ президенті көлік кептелісінде тұрып қалды

Фотография - АҚШ президенті көлік кептелісінде тұрып қалды

Жақында өмірден өткен ОАР-дың экс-президенті Нельсон Манделамен қоштасу рәсіміне бет алған АҚШ президенті Барак Обама Йоханнесбургке барар жолда таңертеңгілік көлік кептелісіне түсіп қалды

151 0

Жақында өмірден өткен ОАР-дың экс-президенті Нельсон Манделамен қоштасу рәсіміне бет алған АҚШ президенті Барак Обама Йоханнесбургке барар жолда таңертеңгілік көлік кептелісіне түсіп қалды, деп жазды Twitter-дегі парақшасына Франс Пресс тілшісі Йоханн Майбург (Johannes Myburgh).

«Президент Обама ОАР-ға келіп жетті, алайда Приторийден Йоханнесбургке барар жолда келік кептелісіне тап болып, жаңбырдың астында қалды», - деп хабарлады  baq.kz

Франс Пресс мәліметтеріне сәйкес, әлемдік көшбасшылар сейсенбі күні Йоханнесбург стадионында Манделамен қоштасуға келген 80 мың халықтың алдында сөз сөйлейтін болады. Бұған дейін ОАР экс-президентімен қоштасуға 200 мыңнан астам адам ниет білдіргені және олар үшін қосымша үш стадионда тікелей транслация ұйымдастырылатыны хабарланған болатын. Шарада басты сөзді ОАР-дың қазіргі президенті Джейкоб Зума алады. Йоханнесбургте өтетін қоштасу рәсіміне 91 әлемдік деңгейдегі көшбасылар мен бұрынғы мемлекет басшылары қатысады деп жоспарланған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!