Ресей Арктикада әскери қуатын арттырмақ

Фотография - Ресей Арктикада әскери қуатын арттырмақ

Ресей президенті Владимир Путин Арктикадағы әскери қуатты арттыру жөнінде тапсырма берді

135 0

Ресей президенті Владимир Путин Арктикадағы әскери қуатты арттыру жөнінде тапсырма берді. Қорғаныс министрлігіндегі кездесуде Путин мемлекеттің "өз қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын барлық тетіктері болуы тиіс" деді. Путиннің сөзіне қарағанда, Ресей Совет одағы құлағаннан кейін көңіл бөлмей кеткен Арктикаға бірнеше жыл өткеннен кейін қайта назар аударып отыр.

Арктикаға, әсіресе оның табиғи қазба байлықтарын Ресейден өзге Канада, Норвегия және Дания да иеленгісі келеді. Канада өткен аптада БҰҰ-ға Солтүстік полюс пен оның маңындағы аймақтардағы құқықтары туралы сұрау салатынын мәлімдеген еді - деп хабарлады  azattyq.org

Путиннің айтуынша, Арктикада келесі жылы Ресейдің "ең ірі әскери бөлімі мен дивизиясын жасақтау жұмысы аяқталады және ол құрылымдар үнемі әскери дайындықта болады"


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!