General Motors-ты тұңғыш рет әйел басқармақ

Фотография - General Motors-ты тұңғыш рет әйел басқармақ

АҚШ-тың ең ірі көлік жасаушы кәсіпорны - General Motors компаниясын алғаш рет әйел басқармақ

194 0

АҚШ-тың ең ірі көлік жасаушы кәсіпорны - General Motors компаниясын алғаш рет әйел басқармақ. 51 жастағы әйел Мэри Барра қазіргі бас директор Дэн Акерсонды алмастырады.

Компаниядағы кадрлық өзгеріс АҚШ үкіметі компания капиталынан біржолата шығып кетісімен бір күннен соң болды. Бес жыл бойы компанияда үлесі болған АҚШ үкіметі қалған 31 миллион акциясын сатқан - деп хабарлады  azattyq.org

АҚШ үкіметінің компаниядағы қаржы шығыны шамамен 10 миллиард АҚШ долларын құрайды. Үкімет 2009 жылы компания банкроттыққа ұшырауға шақ тұрғанда оған 50 миллиард АҚШ долларын салған еді. Енді үкімет қалған 31 миллион акциясын сатып, небәрі 39,9 милилард АҚШ долларын ғана қайтарып алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!