Уругвай алғаш болып марихуананы заңдастырды

Фотография - Уругвай алғаш болып марихуананы заңдастырды

Уругвай әлемде алғаш болып марихуананы заңдастырды

174 0


Уругвай әлемде алғаш болып марихуананы заңдастырды. Уругвай сенаты кеше үкімет ұсынған қарасораны өсіріп, одан марихуана өндіру және оны сату, пайдалануды заңдастыратын заң жобасын қолдап дауыс берді.

Заң бойынша, тұтынушылар енді 18 жасқа толған Уругвай азаматы дәріханалардан айына бір рет 40 граммға дейін марихуана сатып ала алады. Бұған қоса, уругвайлықтар үйлерінде алты түп қарасора (немесе 480 грамм марихуана алынатындай көлемде) өсіре алады.

Заң 120 күн ішінде күшіне енеді - деп хабарлады  azattyq.org

Уругвайдан өзге бірнеше елде марихуананы заңдастыру мәселесі талқыланып жатыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!