Киевте милиция жасағы қала мэриясынан кетті

Фотография - Киевте милиция жасағы қала мэриясынан кетті

Киевте бүгін милиция арнайы жасағы қала мэриясына бекінген демонстранттарды шығармақ болып, екі жақ арасында қақтығыс болды

142 0

Киевте бүгін милиция арнайы жасағы қала мэриясына бекінген демонстранттарды шығармақ болып, екі жақ арасында қақтығыс болды. Демонстранттар ғимараттың көтергіш сатыларына бекініп, милиция жасағына ғимарат терезелерінен шлангымен су шашқан. Бұдан соң милиция жасағы мэриядан кетуге мәжбүр болған.

Милиция жасағы наразылармен негізінен ғимараттың кіреберісінде қақтығысқан. Мэрияны қайтарып алу кезінде милиция жасағы ғимарат айналасына автобустарды қойып, қоршап тастаған.

11 желтоқсанға қараған түні арнайы жасақтың жүздеген сарбазы "Еуромайдан" акциясы өтіп жатқан Тәуелсіздік алаңының  маңына орнатылған бөгеттерді бұзып, демонстранттарды алаңнан ығыстыра бастаған. Қазір алаңның біраз жері тазартылған - деп хабарлады  azattyq.org

Оппозиция жетекшілері демонстранттарды шегінбеуге шақырып, алаңда шерушілер қарасы дереу көбейе бастаған соң милиция жасағы алаңды қоршауды тоқтатты.

10 желтоқсанда Украина президенті Виктор Янукович Украина делегациясы Еуропа одағымен жақын байланыс орнату мәселелерін талқылау үшін бүгін Брюссельге баратынын хабарлаған еді. Бірақ бүгін Еуроордақ жетекшілері Украина делегациясымен ешқандай келіссөздер болмайтынын хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!