АҚШ Сириядағы көтерілісшілерге көмекті тоқтатты

Фотография - АҚШ Сириядағы көтерілісшілерге көмекті тоқтатты

АҚШ Сирияның солтүстігінде үкімет әскерімен соғысып жатқан исламшыл көтерілісшілерге барлық әскери емес көмек түрлерін беруді тоқтатты. АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі өкілінің хабарлауынша, бұған исламшылдардың батыс қолдайтын Сирия ерікті армиясына қарсы іс-әрекеті себеп болған

274 0

АҚШ Сирияның солтүстігінде үкімет әскерімен соғысып жатқан исламшыл көтерілісшілерге барлық әскери емес көмек түрлерін беруді тоқтатты. АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі өкілінің хабарлауынша, бұған исламшылдардың батыс қолдайтын Сирия ерікті армиясына қарсы іс-әрекеті себеп болған.

Құрамына алты негізгі исламшыл көтерілісші топ кіретін Ислам майданы Түркиямен шекараны кесіп өтіп, 6 желтоқсанда елдің солтүстік-батысындағы оппозицияның Баб әл-Хава базасын алған еді. Бұған дейін Сирияда ислам мемлекетін құруды көздеген Ислам майданы Сирия ерікті армиясы басшылығын мойындамайтынын мәлімдеген еді.

Ислам майданы бірлестігіне "Ирак және Левант ислам мемлекеті", "Әл-Нусра майданы" сияқты "Әл-Қаидамен" байланысы бар топтар кірмейді. Оппозициялық күштердің алауыздығы Сирия үкіметі әскерінің шабуылы кезінде күшейіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!