Солтүстік Корея алтын қорын сатып жатыр

Фотография - Солтүстік Корея алтын қорын сатып жатыр

Солтүстік Корея алтын қорын сатып жатыр. Басты сатып алушы Қытай елі. Бұл туралы 11 желтоқсанда оңтүстіккореялық «Ренхап» агенттігі анонимді дерек көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады

141 0

Солтүстік Корея алтын қорын сатып жатыр. Басты сатып алушы Қытай елі. Бұл туралы 11 желтоқсанда оңтүстіккореялық «Ренхап» агенттігі анонимді дерек көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оңтүстік Корея үкіметінің бағалауынша, Солтүстік Корея республикасы күні бүгінге дейін құны 8 млрд. доллар тұратын алтын қорын жасақтап үлгерген. Агенттіктің хабарлауынша, бүгінде Солтүстік Корея республикасы алтын қорын саудалауды осыдан 2-3 ай бұрын бастаған. Бұл елдің экономикалық жағдайының мүшкіл екенін білдірсе керек, - дейді сарапшылар.

Бүгінде Солтүстік Корея үкіметіне валютаға деген қолжетімділігін шектейтін халықаралық санкция режимі жұмыс істейді. Оның үстіне, 2013 жылдың көктемінде Кэсон өндірістік паркінің жұмысы тоқтатылды. Оған аралдағы ахуалдың ушығуы түрткі болған. Егер, Солтүстік Корея үшін Кэсон санаулы табыс табудың негізгі көздерінің бірі екенін есепке алсақ, бұл жағдай ел экономикасына оразан зор кесірін тигізгені даусыз. Айта кетерлік жайт, 2013 жылдың күз айларында Кэсон өндірістік паркінің жұмысы қайта жанданды. Бұған солтүстік және оңтүстік кореялық компаниялардың өзара әріптестік қатынасының арқасында қол жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!