40 ғасырға сотталған испандықтар

Фотография - 40 ғасырға сотталған испандықтар

Испанияның Жоғарғы соты ЭТА (ETA - Euzkadi Ta Azkatasuna) басктік террористік ұйымының 3 мүшесін 3860 жылдан бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды

366 0

Испанияның Жоғарғы соты ЭТА (ETA - Euzkadi Ta Azkatasuna) басктік террористік ұйымының 3 мүшесін 3860 жылдан бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады. 

Сепаратистік топтың мүшелері 2009 жылы жасалған терактке қатысты болып шықты. Естеріңізге сала кетсек, елдің солтүстігіндегі Бургосе қаласында болған жарылыстан 160 адам жарақат алған болатын. Солардың ішінде 41 жас бала болған. Сот өкім шығарғанда террористік ұйым мүшелері - Даниэль Пастор Алонсо, Иньиго Сапираин Романо және Беатрис Этчебарриа Кабальероға келтірілген материалдық залалы үшін 20 жылдан және әрбір зардап шеккен адам үшін 24 жылдан бас басына есептеп берген. Бірақ, Испанияда 2003 жылғы қылмыстық кодекс бойынша бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі 40 жыл болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!