Солтүстік Корея президентінің туысы өлім жазасына кесілді

Фотография - Солтүстік Корея президентінің туысы өлім жазасына кесілді

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның немере ағасы Чан Сон Тхэк "мемлекетке опасыздық жасағаны үшін" өлім жазасына кесіліп, үкім орындалған.

358 0

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның немере ағасы Чан Сон Тхэк "мемлекетке опасыздық жасағаны үшін" өлім жазасына кесіліп, үкім орындалған. Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдегі екінші ықпалды адам саналған, қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары болған Чан Сон Тхэкке өлім жазасын әскери трибунал шығарған.

Бұл жаза Солтүстік Кореяда бұдан  екі жыл бұрын билікке Ким Чен Ын келгелі бері ең ірі саяси оқиға болып отыр. Апта басында Чан Сон Тхэк барлық қызметі мен атақ-дәрежесінен айырылып, «қызмет өкілетін асыра пайдаланған, заң бұзып, сыбайлас жемқорлыққа барған, шетелге емделуге барғанда әйелдермен сөлекет қатынастар жасаған, есірткі пайдаланып, құмар ойын ойнаған» деп айыпталған еді.

Ресми ақпарат қүралдары оны "иттен де сорақы болды" деп жазған.

Чан Сон Тхэк Ким Чен Ынге әкесі өлгеннен кейін билікті қолға алуына көп көмектескен.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!