Украина жақын арада ЕО-мен келісімді бекітуге ниетті

Фотография - Украина жақын арада ЕО-мен келісімді бекітуге ниетті

Украинаның бірінші вице-премьері Сергей Арбузов ЕО-ны кеңейту бойынша еурокомиссар Штефан Фюлемен келіссөздерден кейін жақын арада Украина Еуроодақпен қауымдастық жөніндегі келісімге қол қоятынын мәлімдеді

192 0

Украинаның бірінші вице-премьері Сергей Арбузов ЕО-ны кеңейту бойынша еурокомиссар Штефан Фюлемен келіссөздерден кейін жақын арада Украина Еуроодақпен қауымдастық жөніндегі келісімге қол қоятынын мәлімдеді.

ВВС-дің жазуынша, Арбузовтың сөзіне қарағанда, келісімге ұлттық стратегиялық мүдделер ескеріле отырып қол қойылады және бұл тұрғыда Украинада саяси ерік бар.

Вице-премьер сонымен қатар тараптар қауымдастық туралы келісімді қолдану үшін жол картасын әзірлеуге келіскенін атап өтті.

Өз кезегінде Фюле ХВҚ-мен келісімге қол жеткізу үшін және еркін сауда аймағына қосылу тұрғысында қажетті жағдайды құруда Украинаға қолдау жасауға уәде берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!