Киев соты "Еуромайданда" ұсталғандарды босатты

Фотография - Киев соты "Еуромайданда" ұсталғандарды босатты

Киев соты Украина президенті әкімшілігі ғимаратының қасында желтоқсанның 1-іне қараған түні ұсталғандардың барлығын босатты

149 0

Киев соты Украина президенті әкімшілігі ғимаратының қасында желтоқсанның 1-іне қараған түні ұсталғандардың барлығын босатты деп хабарлады Associated Press.

Сот өкілі қамау орнында отырған соңғы 9 адам жұма күні бостандыққа шыққанынын, бірақ олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс жабылмағанын айтқан. Украин оппозициясы қамаудағылардың босатылуын билікпен келіссөздер басталмас бұрын үкімет орындауы тиіс талаптардың бірі деп атады.

Жұма күні Киевте билік және оппозиция өкілдерінің қатысуымен өткен жалпыұлттық дөңгелек үстел жиынында Украина президенті Виктор Янукович "Еуромайдан" шеруіне қатысушыларға қарсы күш қолданбау туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеп, қарсыласуды доғаруға шақырды. Соонымен бірге ол Украинаның Еуропа одағымен ассоциация туралы келісімі жобасын әзірлеген бірқатар шенеуніктердің жұмыстан кетуі мүмкін екенін айтты.

Премьер-министр Николай Азаров үкіметтің бұл келісімге қол қоюдан бас тартуының себебін "қазіргідей экономикалық жағдайда ел экономикасы күйреуге ұшырайтындығымен" түсіндірді.

"УДАР" оппозициялық партиясының жетекшісі Виталий Кличко Киевтегі оқиғаларда күш қолданудың салдары елде өте жаман болатынын мәлімдеді. Ол саяси дағдарыстан шығудың бірден бір жолы - кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу екенін тағы да қайталады.

Дөңгелек үстел жиынына украин оппозициясынан қатысқан парламенттегі "Батькивщина" фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк пен "Свобода" партиясының лидері Олег Тягнибок Еуроордақпен ассоциация туралы келісімге қол қою қажеттігін тағы да мәлімдеді.

Бұған дейін Брюссельде ЕО сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Штефан Фюлемен кездескеннен кейін Украина премьер-министрінің орынбасары Сергей Арбузов Киевтің таяуда Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоятынын мәлімдеген еді.

Қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 1-і күні Киевте Еуропалық Одақпен келісімге қол қоюдан бас тартқан үкімет шешіміне наразылардың "Еуромайдан" шеруіне биліктің күш қолдануы Украинада билікке жаппай қарсылық акцияларына ұласты.

Батыс мемлекеттері "Еуромайданға" биліктің күш қолданғанын сынады.

21 қарашада Киев Еуропа Одағымен еркін сауда және саяси ассоциация туралы келісімнен бас тартып, оның орнына Ресеймен экономикалық байланыстарды нығайтатыны туралы шешім қабылдаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!