Сирия көтерілісшілері Адрадағы қантөгіс үшін айыпталуда

Фотография - Сирия көтерілісшілері Адрадағы қантөгіс үшін айыпталуда

Сирия билігі апта басында Адра қаласында орын алған қантөгіске елдегі көтерілісшілер кінәлі деп мәлімдеп отыр. Дамасктің солтүстік-шығысында орналасқан осынау елдімекенге апта басында қарулы лаңкестер басып кіріп, алавиттерді қырып салған болатын

182 0

Сирия билігі апта басында Адра қаласында орын алған қантөгіске елдегі көтерілісшілер кінәлі деп мәлімдеп отыр. Дамасктің солтүстік-шығысында орналасқан осынау елдімекенге апта басында қарулы лаңкестер басып кіріп, алавиттерді қырып салған болатын.

Сирияда жүрген құқық қорғаушылар осы жайттың салдарынан 19 адамның көз жұмғанын хабарлады. Жұма күні елдің қарулы күштері қала басып кіріп, оны көтерілісшілерден азат етті.

Кейбір мәліметтерге жүгінсек, қанды қырғынды "Ислам фронты" деп аталатын топ ұйымдастырған. Салдарынан қарапайым тұрғындармен бірге қаланы күзетіп тұрған тәртіп сақшыларының бірі де қаза тауыпты.

Айта кетейік, Сирия халқының басым бөлігі сүнниттер. Олар негізінен көтерілісшілерді қолдап отыр. Башар Асад болса алавит бағытын ұстанушы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!