АҚШ-та «жиһад жасамақ болған» күдікті ұсталды

Фотография - АҚШ-та «жиһад жасамақ болған» күдікті ұсталды

АҚШ билік орындары жұма күні Канзас штатында террорлық жарылыс жасамақ болған деген күдікпен бір адамның ұсталғаны туралы хабарлады

187 0

АҚШ билік орындары жұма күні Канзас штатында террорлық жарылыс жасамақ болған деген күдікпен бір адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Ресми ақпаратта Терри Ли Лоуэн есімді 58 жастағы ер адамның Уичито қаласындағы әуежай терминалына «автокөлікпен барып соғылуды жоспарлағаны» туралы айтылады. Осы әуежайда авиация технигі болып жұмыс істеген Лоуэн ол терминалдың «ішінде жарлығыш зат бар» деп ойлаған.

Тергеу орындарының хабарлауынша, «араб түбегіндегі «Әл-Қаида» ұйымын қолдап АҚШ-қа қарсы жиһад жасауға ниет білдірген» күдікті арнайы қызметтің назарына ілініп, оны бірнеше ай сырттай бақылаған.

Лоуэнді көлікпен әуежайға келе жатқанда ұстаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!