"Аморелла" фин кемесі қайраңнан шығарылды

Фотография - "Аморелла" фин кемесі қайраңнан шығарылды

Viking Line компаниясының көппалубалы "Аморелла" кемесі сенбі күні қайраңнан шығарылды. Ол Аланд аралдарының Мариенхамн портына кетті

142 0

Viking Line компаниясының көппалубалы "Аморелла" кемесі сенбі күні қайраңнан шығарылды. Ол Аланд аралдарының Мариенхамн портына кетті.

Компанияның баспасөз хатшысы Йохан Бойер-Сванстрем "кеменің жөндеуге жіберілетінін" айтқан. 

Турку қаласынан Стокгольмге бара жатқан кеме Балтық теңізіндегі Аланд аралдарының маңында 14 желтоқсан күні қайраңға тұрып қалған еді. Екі мыңға жуық жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген, олар қазір қауіпсіз жерге шығарылған.

Viking Line компаниясының хабарлауынша, "Аморелла" электр жүйесінен ақау шыққаннан кейін жартасқа соғылған. Бірақ теңіз суы кемеге кірмеген".

Швеция мен Финляндия арасында жүзетін кемелер Аланд аралдарының Мариехамн айлағына тоқтайды. Автономиялық аралдар Еуропа Одағына кірмейді. Сондықтан бұл аралдарда кеме дүкендері салықсыз сауда жасайды. 

"Аморелла" кемесі 1988 жылы жасалған. 2 мың 480 жолаушы мен 450 көлік алып жүзе алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!