Австралия Ауғанстандағы әскери базасын жапты

Фотография - Австралия Ауғанстандағы әскери базасын жапты

Австралия Ауғанстандағы әскери базасын жапты және елден әскери бөлімдерін шығарды

125 0

Австралия Ауғанстандағы әскери базасын жапты және елден әскери бөлімдерін шығарды. Бұл туралы австралиялық билік хабарлады.

Австралия әскері 2005 жылдан бері ауғанның Урузган провинциясындағы Тарин Кот базасында орналасқан еді.

Бұл ел өзінің сарбаздарын Ауғанстанға 2001 жылы бағыттаған болатын. Әскери контингент саны 1,5 мыңға жуық сарбазды қамтыды. Өткен 12 жылда ауған елінде 40 австралиялық опат болып, 261-і жарақат алды.

Ауғанстаннан жауынгерлік бөлімдер шығарылғанымен, 400-ге жуық австралиялық сарбаз Кабул мен Қандағарда кеңесші ретінде қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!