Ирландия «экономикалық егемендігін» қайтарып алды

Фотография - Ирландия «экономикалық егемендігін» қайтарып алды

Ирландияның Премьер-министрі Энда Кенни елінің халықаралық қаржылық көмек бағдарламасынан шыққандығын ресми түрде мәлімдеді.

244 0

Ирландияның Премьер-министрі Энда Кенни елінің халақаралық қаржылық көмек бағдарламасынан шыққандығын ресми түрде мәлімдеді.

Қарашада ирландиялық билік тарапы жеткілікті қаржылық резервті жасақтағанын алға тартып, ЕО мен ХВҚ-ның несиелік бағдарламасын ұзартуды доғару туралы шешім жасады.

Өз сөзінде Кенни Ирландияның экономикалық егемендігі қалпына келгендігін айтты.

Оның айтуынша, 2010 жылы бюджеттің ауқымды тапшылығы мен банк саласындағы дағдарыстан үкімет халықаралық кредиторлардың қолдауына жүгінуге мәжбүр болды. Осының нәтижесінде елде мемлекеттік шығыстарды төмендету бойынша қатаң шаралар енгізу туралы талапты орындауға уәде берген еді.

ВВС-дің жазуынша, үш жылдың ішінде Ирландия 85 миллиард еуро алған көрінеді, алайда қазіргі кезде елдің экспорт көлемі артып, ЖІӨ деңгейі өсім беруде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!