Қазақстанның бейбітсүйгіш және жүйелі саясатын дүние жүзі жоғары бағалайды - ҚР-дағы Польша Елшісі Яцек Ключковский

Фотография - Қазақстанның бейбітсүйгіш және жүйелі саясатын дүние жүзі жоғары бағалайды - ҚР-дағы Польша Елшісі Яцек Ключковский

Қазақстанның халықаралық деңгейде беделі көтерілді, бұған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастық және интеграцияны тереңдету жөніндегі идеялардың жүзеге асырылуы куә.

148 0

Қазақстанның халықаралық деңгейде беделі көтерілді, бұған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен аймақтық қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастық және интеграцияны тереңдету жөніндегі идеялардың жүзеге асырылуы куә.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Яцек Ключковский айтты.

«Қазақстан қоғамында саяси тұрақтылық және ұлтаралық келісім сақталған. Экономикалық саясаттың әр қадамын үш жыл бойы қадағалаудамын. Шетел сарапшылары жас республиканың жүйелі экономикалық саясатын жоғары бағалауда», - деді елші.

Я. Ключковский, сондай-ақ, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын, отандық өндірісті көтеру жүзеге асырылып жатқанын атап айтты. «Жаңа технологияларды, көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылуда. Осы айтылған барлық күрделі міндеттер «2050 Стратегиясында» көрініс тапты», - деп баса айтты ол.

Дипломат қазақстандықтарды Польша елінің және Польшаның Қазақстандағы елшілігі атынан елдің бас мерекесімен құттықтады. «Тек қана жақсылықтар тілеймін! Келесі жыл Польша және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың одан да белсенді дамуына ықпал ететін болады. Мерекелеріңізбен!» - деп қорытты сөзін Елші Я.Ключковский.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!