ЕО Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайын екенін растады

Фотография - ЕО Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайын екенін растады

Еуроодақ елдерінің сыртқы саяси ведомство басшылары Киев тиісті талаптарды орындағаннан кейін Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайын екенін растады

165 0

Еуроодақ елдерінің сыртқы саяси ведомство басшылары Киев тиісті талаптарды орындағаннан кейін Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайын екенін растады.

Бұл туралы Еуропа одағына мүше 28 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері отырысының қорытындысы бойынша ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.

«Министрлер Украина тиісті талаптардың барлығын орындауға дайын болған кезде Еуропалық одақ Украинамен қауымдастық туралы және тереңдетілген еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қоюға дайын екенін тағы да растады», - деді К.Эштон.

ЕО-ның пайымынша, бұл келісім Украинаның қысқа мерзімді экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Оған қоса, халықаралық нарықтар мен қаржы мекемелеріне үлкен сенімнің белгісін береді. Аталған құжат, сондай-ақ, Украинадағы саяси және экономикалық реформалар үшін негіз болады, демек елдің ұзақ мерзімді дамуына септігін тигізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!