Ирактағы лаңкестік салдарынан 25 адам қаза тауып, 52 адам жарақаттанды

Фотография - Ирактағы лаңкестік салдарынан 25 адам қаза тауып, 52 адам жарақаттанды

Бағдадтың оңтүстік ауданында болған лаңкестік әрекет салдарынан 25 адам қаза тауып, 52 адам жарақаттанды

191 0

Бағдадтың оңтүстік ауданында болған лаңкестік әрекет салдарынан 25 адам қаза тауып, 52 адам жарақаттанды, деп хабарлайды РБК.

Зардап шеккендердің көбісі шейіттер. Лаңкестік те соларға қарсы ұйымдастырылды. Шейіттер Бағдадтан оңтүстікке қарай 110 шақырым жерде Кербала қасиетті қаласына бара жатқанда екі мина қойылған автокөлік жарылды, деп хабарлайды полиция.

Бір де бір ұйым болған оқиғаға жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, алайда, мұндай әрекеттерді елдегі "Аль-Каиданың" әр түрлі бөлімшелері жиі ұйымдастыратыны белгілі.

Кеше күндіз қанды қақтығыстар толқуы салдарынан Иракта бүкіл ел бойынша 42 адам қаза тауып, 86 адам зардап шекті. Бақылаушылардың пайымынша, лаңкестік топтардың, жергілікті жасақтар мен үкімет әскерлерінің мұндай теке-тірестерінің арты кәдімгі діни соғысқа ұласуы мүмкін.

Ирактағы БҰҰ миссиясының бағалауынша, бұл елде 2013 жылғы қаңтар-қараша аралығында 8 мыңнан аса адам опат болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!