Солтүстік Кореяда Ким Чен Ирды жоқтап жатыр

Фотография - Солтүстік Кореяда Ким Чен Ирды жоқтап жатыр

Солтүстік Кореяда елдің бұрынғы басшысы, осыдан тура екі жыл бұрын қайтыс болған Ким Чен Ирды еске алып, аза тұту өтіп жатыр. Сейсенбі күні Пхеньяннан алынған бейнекөріністерден марқұмды еске алуға мыңдаған адам қатысқанын көруге болады

262 0


Солтүстік Кореяда елдің бұрынғы басшысы, осыдан тура екі жыл бұрын қайтыс болған Ким Чен Ирды еске алып, аза тұту өтіп жатыр. Сейсенбі күні Пхеньяннан алынған бейнекөріністерден марқұмды еске алуға мыңдаған адам қатысқанын көруге болады.

2011 жылы Ким Чен Ир қайтыс болған соң билік оның ұлы Ким Чен Ынға ауысты. Оның билікке орнығуға көп көмектескен, елдегі екінші ықпалды адам саналған, қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары болған Чан Сон Тхэк өткен аптада тұтқындалып, іле-шала «мемлекетке опасыздық жасағаны үшін» өлім жазасына кесіліп, үкім орындалған. Бұл оқиға Ким Чен Ир өліп, оның орнына ұлы келгелі бергі ең ірі саяси оқиға болды.

Солтүстік Кореяны 17 жыл басқарған Ким Чен Ир 2011 жылы желтоқсанның 17-сінде 69 жасында қайтыс болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!