Гиннес рекордтар кітабының иесі Канаданың ең бай адамы атанды

Фотография - Гиннес рекордтар кітабының иесі Канаданың ең бай адамы атанды

Гиннес рекордтар кітабының иесі, инвестор Джим Паттисон Канаданың ең бай адамы атанды, деп хабарлады Bloomberg

241 0

Гиннес рекордтар кітабының иесі, инвестор Джим Паттисон Канаданың ең бай адамы атанды, деп хабарлады Bloomberg. Басылым мәліметтері бойынша, Паттисонның дәулеті 9,5 миллиард долларға жетіп отыр.

Паттисон Jim Pattison Group-тың негізін қалаушы әрі жалғыз иесі. Бұл Канадада үшінші орында тұрған ірі жекеменшік компания саналады. Паттисонның меншігінде тағы бірнеше компания бар.

«2008 жылы Паттисон Гиннес рекордтар кітабын шығару құқығына ие Guinness World Records компаниясын сатып алғандығы туралы хабарлады. Гиннес рекордтар кітабы 100 мемлекетте 37 тілде шығарылады», - делінген ақпаратта.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!