Ресейде келімсектерге арналған жаңа телефон операторы пайда болады

Фотография - Ресейде келімсектерге арналған жаңа телефон операторы пайда болады

Ресейдің «Межрегиональный транзит телеком» компаниясы 2014 жылдың сәуір айынан бастап ортаазиялық гастарбайтерлерге арналған жаңа телефон операторын іске қосуды жоспарлап отыр.

112 0

Ресейдің «Межрегиональный транзит телеком» компаниясы 2014 жылдың сәуір айынан бастап ортаазиялық гастарбайтерлерге арналған жаңа телефон операторын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жайында компания директоры Евгений Васильев мәлімдеді.

Жаңа оператордың атауы әлі нақтыланбаған. Бастысы, гастарбайтерлер үшін бұл байланыс арзанға түспек. Сондай-ақ, ол интернетке де жылдам қосылатын мүмкіндікке ие болады деп күтілуде. Іске қосылған алғашқы жылы жаңа операторды пайдаланушылардың саны 100 мың абонентке дейін жетуі мүмкін.

Васильевтің айтуынша, мигранттар нарығына инвестиция құюдың болашағы зор. Өйткені олардың саны жыл санап артып барады. Келімсектердің ақшасы жоқ деген жай әңгіме, біз әр абоненттен ай сайын шамамен 320 рубльден аламыз деп жоспарлап отырмыз деді компания директоры.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!