Қадыров Шешенстанның «Газпром» алдындағы қарызын мойындамады

Фотография - Қадыров Шешенстанның «Газпром» алдындағы қарызын мойындамады

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров елдің «Газпром» алдыңдағы $1 млрд қарызын күмәнға алды

143 0

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров елдің «Газпром» алдыңдағы $1 млрд қарызын күмәнға алды - деп хабарлады  baq.kz

Қадыровтың айтуынша, бұл сандар негізсіз көрсетілген. «Менің қолымда Шешенстан Республикасы «Газпромға» қарыз екенін растайтын құжат жоқ. Мен де олар секілді «Газпром» бізге 100 миллиард рубль қарыз деп айта аламын», - деді ол.

Оның айтуынша, Шешенстанның газ үшін осынау үлкен соммадағы қарызын алдымен негіздеу керек. Қадыровты Дудаев кезіндегі барлық жайттар өз күшін жойғанмен, қарыздардың ұмтылмағаны таң қалдырып отыр.

Ал, «Газпромның» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылдың 1 қарашасында елге қойылған, бірақ төлемге ұсынылмаған газдың көлемі 27,8 млрд рубльге теңелген және Шешенстандағы барлық деңгейдегі тұтынушылардың 9,5 млрд рубль көлемінде уақыты өткен берешегі бар дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!