Михаил Саакашвилидің жақтасы тергеуге алынды

Фотография - Михаил Саакашвилидің жақтасы тергеуге алынды

Тбилиси мэрі Гиги Угулава қалалық қор қызметкерлерінің мемлекет қаржысын жөнсіз пайдалануына қатысты жүргізіліп жатқан іс бойынша тергелді

109 0

Тбилиси мэрі Гиги Угулава қалалық қор қызметкерлерінің мемлекет қаржысын жөнсіз пайдалануына қатысты жүргізіліп жатқан іс бойынша тергелді. Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің серігі Гиги Угулава 18 желтоқсанда өзін келесі жылы мамырда болатын жергілікті сайлауға қатыстырмау үшін тергеуге алып отыр деп санайтынын мәлімдеді.

Угулава өзіне қарсы тергеуді ұйымдастырып отыр деп бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвилиді кінәлайды. Ол "Иванишвили қазіргі инфрақұрылым және әлеуметтік даму министрі Дэвид Нарманияны Тбилиси мэрі еткісі келеді" деп санайды. Тбилиси мэрі сайлау алды кампаниясын "дәл қазіргідей жүргізе беруге" дайын екенін айтады - деп хабарлады  azattyq.org

Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" партиясы өткен жылы қазанда парламент сайлауында жеңіске жеткеннен бері Михаил Саакашвилидің жақтастарына қарсы тергеу басталып, бірнеше іс қозғалған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!