Қытайдың оңтүстігінде «құс тұмауы» өршіп тұр

Фотография - Қытайдың оңтүстігінде «құс тұмауы» өршіп тұр

Гуандун провинциясында (Оңтүстік Қытай) осы айда H7N9 құс тұмауын жұқтырған бесінші адам тіркелді

211 0

Гуандун провинциясында (Оңтүстік Қытай) осы айда H7N9 құс тұмауын жұқтырған бесінші адам тіркелді.

Бесінші болып тіркелген 62 жастағы ер адамның жағдайын дәрігерлер нашар дейді.

Жергілікті билік «құс тұмауы» өршіген мекендерде алдын алу іс-шараларын жүргізу және науқастарға жәрдем көрсету үшін инспекциялық топтарды жіберу туралы шешім қабылдады.

Жалпы алғанда, Оңтүстік Қытайда, Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік ауданын қоса алғанда, құс тұмауымен ауырған жетінші адам тіркеліп отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Еске сала кетейік, Гонконгта H7N9 вирусын жұқтырған алғашқы адам 2 желтоқсанда анықталды. Индонезиядан жұмысқа жалданып келген әйел бұл ауруды құрлықтық Қытайдағы (Гуандун провинциясында) құс базарынан жұқтырған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!